«Опасыздық жасап, алдап кетті»: Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі күйеуінің көзіне қалай шөп салғанын жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Опасыздық жасап, алдап кетті»: Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі күйеуінің көзіне қалай шөп салғанын жайып салды

«Опасыздық жасап, алдап кетті»: Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі күйеуінің көзіне қалай шөп салғанын жайып салды

Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы жары, кәсіпкер Ляйсира Марат күйеуінің өзіне опасыздық жасағанын ашып айтты.

  • 8 Маусым 2023
  • 336
Фото - Caravan.kz

Оның сөзінше молда алдында адал болуға ант берген адам, кейін көзге шөп салмауы тиіс, деп хабарлайды Caravan.kz.

Ләйсира Марат бұл туралы оқырмандарға өзінің бейнежазбасында түсіндіріп өткен.

«25 жыл отау құрған күйеуіммен ажырасуға опасыздық себеп болды. Әрине, мен ажырасуды қабылдаудың барлық психологиялық кезеңінен өткеннен кейін белгілі бір қорытынды жасадым. Мен опасыздық сөзінің түп-тамырына үңілдім. Бұл сөздің «сенбеу» деген синонимы бар. Адам молда алдында адал болуға, сүйіп өтуге, қолдау білдіруге және қайғы мен қуанышта бірге болуға ант бергенде өзіне, сөзіне сенеді. Ол жанындағы адаммен өмірінде махаббат, сенім боларына сенеді. Менің ойымша, адам өзіне, махаббатына сенбегенде ол опасыздық жасап бастайды. Опасыздық ең алдымен, адамның өз-өзіне сенім артуына кесірін тигізеді. Сен өз-өзіңді сатып кеткендей боласың. Жолдасыңыз бұл туралы білгенде, ол адамға бұл психикалық түрде ауыр тиеді. Ол бұл ақпаратты қалай қабылдауға болады деп басы қатады. Осы кезде әр адамның өмірінде таңдау болады», — дейді ол видеода.

Еске салсақ, Тұрсын Алагөзов бүгінде продюсер Баян Мақсатқызымен бас қосып, шаңырақ көтерген.