Мүгедектігі бар жандарға жағдай жасамаған нысан басшыларына 60 млн теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедектігі бар жандарға жағдай жасамаған нысан басшыларына 60 млн теңге айыппұл салынды

Мүгедектігі бар жандарға жағдай жасамаған нысан басшыларына 60 млн теңге айыппұл салынды

Былтыр мүгедектігі бар жандар үшін қолайлы жағдай жасамаған 300-ге жуық нысанның басшысына 60 млн теңге айыппұл салынды.

  • 9 Маусым 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Былтыр комитеттің аумақтық департаменттері мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде 1 181 тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде 4 мыңнан астам талапқа сай келмейтін фактілер анықталды. Тиісінше, нысан иелеріне 900-ден астам ұйғарым беріліп, 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық айыппұл салынды», — деп мәлім етті», — Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Жалпы ел бойынша бұл бағытта тексеру жүргізетін 227 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамында 1 630 адам бар.

«Былтырдан бастап Еңбек министрлігі жанынан мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау бойынша республикалық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мүгедектігі бар адамдар бірлестіктерінің төрағалары, мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша әкімдердің кеңесшілері және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді», — деп түйіндеді Төлеген Оспанқұлов.


Сонымен қоса комитет басшысы алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысан бейімделетінін атап өтті.