Мемлекет қайраткерімен қоштасуға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, бұрынғы вице-премьер Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және басқа да көптеген саясаткерлер, еліміздің қоғам қайраткерлері, әріптестері, қарапайым халық та келді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Бердібек Сапарбаевты барлық әкімдердің ағасы деп атайтынын айтты.
"Ол әкімнен де артық еді, өйткені ол қандай қызметте болса да, өз жұмысын тамаша атқарды", — деді Смайылов.
Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі: "Қазақ халқы ұлы тұлғасынан айырылды.Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза", — деді.
Бердібек Сапарбаев "Кеңсай-2" зиратына жерленеді. Марқұмның жақындарының айтуынша, онда 2002 жылы жол апатынан қаза тапқан Сапарбаевтың үлкен ұлы жерленген.
Белгілі мемлекет және қоғам қайреткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында дүние салды.