«Аяғы ауыр болған»: Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жайлы тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аяғы ауыр болған»: Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жайлы тың дерек шықты

«Аяғы ауыр болған»: Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жайлы тың дерек шықты

«Семей орманы» резерватында пайда болған алапат өрттен қаза болған жалғыз әйел орманшы – Мейрамгүл Жиенбаева еді. Белгілі болғандай оның артында бір ұл, бір қызы қалды.

  • 13 Маусым 2023
  • 3773
Фото - Caravan.kz

Бұған қоса орманшының аяғы ауыр екені белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы журналист Самал Ибраева мәлім етті. Бұл туралы ойын ол журналист Гүлбану Әнияттың жазбасының астында қалдырған пікірде жазған.

«Қаза болған Мейрамгүлдің аяғы ауыр болған екен… Үйде кішкентай балалары қалған. Иманды болсын…», — дейді Самал Ибраева.

Көпшілік бейбіт күнде шейіт болған әйелдің аруағына құран бағыштап, жақындарына қайғыра көңіл айтқан.


«Сәбиін де өзімен бірге ала кетті, жаның пейіште шалқысын абзал ана», «Сөзсіз бүгіннің батыр келіншегі, әйел адам түгіл ер адамның қолынан келе бермейтін іс, жаның жанатта болсын, қазақтың батыр қызы» деп жазды олар.