«Ортада қалып қойдық»: Бір топ өрт сөндірушінің қалың өрттен жанұшыра қашып шыққан сәті елдің зәресін ұшырды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Ортада қалып қойдық»: Бір топ өрт сөндірушінің қалың өрттен жанұшыра қашып шыққан сәті елдің зәресін ұшырды (ВИДЕО)

«Ортада қалып қойдық»: Бір топ өрт сөндірушінің қалың өрттен жанұшыра қашып шыққан сәті елдің зәресін ұшырды (ВИДЕО)

Абай облысындағы алапат өртпен күресіп жатқан өрт сөндірушілердің ерен еңбегі жұртты сүйсіндіруде.

  • 13 Маусым 2023
  • 83
Фото - Caravan.kz

Көпшілік олардың тілсіз жауды жеңіп, аман-есен үйлеріне оралуын көп болып тілеп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.

Өрт сөндірушілердің батыл ерлігін тілсіз жаумен алысып жатқан мамандар жариялаудан. Мәселен, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев бөліскен видеода бір топ өрт сөндірушінің тұтас жалынның арасында қалып қойғаны әрі одан жанұшыра қашып шығып жатқан сәті көрсетілген.

«Ортада қалып қойдық, су бар ма еді? Су да жоқ. Бітті ғой жаңа құйдық қой?… Ананың төбесі жанып жатыр», — дейді өрт сөндірушілердің бірі видеода.

Сондай-ақ олар: «Жігіттер, жатыңдар» деген бұйрық атуда. Онда жігіттердің жанып жатқан қып-қызыл өрттің арасында қалып қойғаны, одан көлікпен шыға алмай, айналып жүрген сәті байқалады.


Депутаттың өзі болса: «Өлім мен өмір арасында жүрген өрт сөндірушілерге бір Алла жәрдемші болсын. Оңай емес. Нағыз ерлік. Семей орманындағы өрт әлі басылар емес… Себебі жел өршіп тұр. Дұғада болайық», — деп жазған.