“Қазақша жазылған бірде бір сөз жоқ”: Шымкентте ресейлік тележүргізуші Елена Малышованың клиникасы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақша жазылған бірде бір сөз жоқ”: Шымкентте ресейлік тележүргізуші Елена Малышованың клиникасы пайда болды

“Қазақша жазылған бірде бір сөз жоқ”: Шымкентте ресейлік тележүргізуші Елена Малышованың клиникасы пайда болды

Ресейлік дәрігер, тележүргізуші Елена Малышованың клиникасы Шымкент қаласында пайда болып, үлкен дау туғызды.

  • 14 Маусым 2023
  • 309
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Тимур Казмин Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ресей дәрігері, “Первый Канал” телеарнасының бас кейіпкерлердің бірі Елена Малышева Шымкентте медициналық орталығын ашпақшы екен. Енді қараңыздар.

Ғимараттағы барлық жазулар тек орыс тілінде. Не сұмдық мынау? Мүмкін ішінде әйел денсаулығын жақсыртатын жер емес, Ресей пропагандасын насихаттайтын орын?!

Аудандық ономастикалық комиссиялардың төрағалары — аудан әкімдері! Қалалық ономастикалық комиссиясының төрағасы — қала әкімінің бірінші орынбасары Куаныш Асылов мырза! Сіздердің назарларыңызға ұсынылады! Қай аудан екенін білмейді екенмін. Адырбеков көшесінде орналасқан ғимарат", — деп жазды журналист.