«Шудың бойында» деп билеп барып, Днепрдің жағасында шашылып қалмаңдар»: Ресейде соғысқа әнмен аттанған қазақ жігіттері көптің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шудың бойында» деп билеп барып, Днепрдің жағасында шашылып қалмаңдар»: Ресейде соғысқа әнмен аттанған қазақ жігіттері көптің ашуына тиді

«Шудың бойында» деп билеп барып, Днепрдің жағасында шашылып қалмаңдар»: Ресейде соғысқа әнмен аттанған қазақ жігіттері көптің ашуына тиді

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай Ресейдегі қазақ жігіттерінің соғысқа кетіп бара жатқан сәтімен бөлісті.

  • 14 Маусым 2023
  • 45
Фото - Caravan.kz

Онда бір топ қазақ жігіттері «Шудың бойында» әніне билеп, соғысқа дайындалып жатқанын анық көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Тележүргізушінің айтуынша жігіттер соғысқа әнмен аттанып, бір жерде мерт болуы әбден мүмкін екен.

«Ресейдегі қазақтарымыз мәз болып кетіп барады. Еххх, балалар, “Шудың бойына” билеп барып, Днепрдің жағасында шашылып қаласыңдар ғой. Қандастар молынан шоғырланған Астрахань аймағында құрылған “Лотос” артиллериялық бөлімшесі деседі. Басым бөлігі қазақ және өзге ұлттардан құралған жасақты салтанатты түрде майданға шығарып салу рәсімі», — деп жазды ол.

Көпшілік журналистке қолдау көрсетіп, азаматтарды сынға алған.


«Тойға баратындай соғысқа әнмен кеткені несі? Ұят-ай», «Қараудың өзі жиіркенішті екен, жаман болып отырмын мынаны көріп», «Қазақтар, естеріңді жинасаңдаршы, көшіңдер өз елдеріңе» деп жазды олар.