Семейдегі орман өрті: эвакуацияланған ауыл тұрғындары үйлеріне оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі орман өрті: эвакуацияланған ауыл тұрғындары үйлеріне оралды

Семейдегі орман өрті: эвакуацияланған ауыл тұрғындары үйлеріне оралды

Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды.

  • 15 Маусым 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында.Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған", — делінген хабарламада.

Айта кетері, облыста орман өрті оқшуаланды. Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.