Шуда дала өрті шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шуда дала өрті шықты

Шуда дала өрті шықты

Жамбыл облысында сегіз гектар алқапты дала өртенді.

  • 16 Маусым 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, 16 маусымда Шуда 200 шаршы метр аумақта қоқыс өртеніп кеткен. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, бұл өрттерден жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, 15 маусымда Шу ауданында Балуан Шолақ ауылының маңында 8 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Өртті сөндіруге ТЖД күштерінің 5 қызметкері мен 1 техникасы және өрт сөндіру бригадасының еріктілерінің 11 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде дала өрті сөндірілді.