Тоқаев медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Тоқаев медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • 18 Маусым 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-аккаунтында.

Бүгін адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1998 жылы Президент Жарлығымен бекітілген бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.