«Жүрегім қуаныштан жарылайын деп тұр»: Марқұм Томирис Байсафаның анасы көпке сүйінші жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жүрегім қуаныштан жарылайын деп тұр»: Марқұм Томирис Байсафаның анасы көпке сүйінші жаңалығымен бөлісті

«Жүрегім қуаныштан жарылайын деп тұр»: Марқұм Томирис Байсафаның анасы көпке сүйінші жаңалығымен бөлісті

Дағыстандық экс шенеуніктің ұлы Мертузали Миджидовтың қолынан қаза болған Томирис Байсафаның анасы қуанышты жаңалығымен бөлісті.

  • 19 Маусым 2023
  • 66
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, оның екінші қызы Наима Байсафаға тұрмыс құруға ұсыныс түскен, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Қуанышты жаңалығымен Жанна Ахметова желідегі парақшасында бөлісті.

«Егер бір нәрсе жасау керек болса, онда оны бүкіл елге көрсету керек… Бүкіл ел де, мен де таң қалып отырмын. Былтыр Мальдивада демалғанымда «Махаббат бар және мен оны көрдім» деп жазған едім. Сол айтқаным тура келді.

Қазір жүрегім жарылып кетердей қуанып тұрмын… Айтайын дегенім, әркімнің өз махаббат хикаясы болады, алайда нақты айтайын, бұлардың махаббат хикаясы таза, әдемі әрі ғажап.

Махаббаттарың мәңгі болсын! Себебі өмірде махаббат асқан ұлы сезім бар ма?

Барлық құттықтауларыңызға рахмет, барлық жоспарларым өзгерді десем болады. Енді тойға дайындық басталады, айтпақшы мені жаңа мәртебеммен құттықтасаңыздар болады», — деп жазды ол.