Талдықорған маңында жол апатынан екі адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған маңында жол апатынан екі адам көз жұмды

Талдықорған маңында жол апатынан екі адам көз жұмды

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды.

  • 20 Маусым 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Талдықорған-Үштөбе» айналма жолында «Mitsubishi Pajero» автокөлігі «КАМАЗ» жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Mitsubishi Pajero» автокөлігін 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.

«Көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция автокөлік жүргізушілерін ҚР Жол ережелерін сақтауға және автожолдарда қырағылық танытып, сақ болуға шақырады»,
— делінген Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің хабарламасында.