Ашық образдардан бас тартқан Кәмшат Жолдыбаева дінге бет бұруды шешкендей.
“Қымбатты ағайын, қайырлы таң! Менде апта араб тілі сабағынан басталып жатыр. Нұр-Мүбәрак университетіне келіп отырған жайым бар. Зуль-Хиджа айы кіріп жатыр. Бұл ай тек игі амалдарға, ғибадатқа толы болсын. Жаңа апталарыңыз жаңа жеңіске, қуанышқа толы болсын”, – дейді әнші.
Бейнежазбадан өнер иесінің араб тілін үйрететін ұстазын көрсетіп, өзара қалжыңдасып жатқанын көруге болады.