Өзінен сегіз жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Жәнел Мақажан қазақша гендер-пати жасап, бала жанысын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзінен сегіз жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Жәнел Мақажан қазақша гендер-пати жасап, бала жанысын анықтады

Өзінен сегіз жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Жәнел Мақажан қазақша гендер-пати жасап, бала жанысын анықтады

Жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жанел Мақажан қазақы нақышта гендер-пати ұйымдастырып, баланың жынысын анықтады. 

  • 23 Маусым 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлі-зайыпты жақын достарының басын қосып, ерекше стильде гендер-пати жасады. Баланың жынысы белгілі болмай тұрып жұлдызды жұп өздерінің болжамын айтты. Жәнелдің айтуынша, түс көргенін айтып, қыз екеніне сенімді болған. Алайда кейбір белгілер дүниеге келетін сәбидің ұл екенін білдірген. Актриса екі ойлы болғанын жасырмады. Ал актер Абай Асылхан бұрымдының әкесі болатынына сенімді екенін айтты. 

Жиын барысында қазақтың екі батыры үлкен сандықты көтеріп, ортаға қояды. Сандықтың ішінен шағын қоржын, қоржыннан сәбидің жынысы жасырылған қобдиша шықты. Ерлі-зайыпты қыздың шашбауын көргенде толқығаннан көз жасына ерік берді. 

“Қыз деп айттым ғой. Жүрегім сезді. Жүрегім қатты толқып тұр”, – деп әсерімен бөлісті Абай Асылхан. 

“Қыз ба, ұл ма деп көп ойладық. Баланың жынысын анықтайтын білетін уақыт келді. Сүйінші! Біз сені күтеміз, балапан”, – деп жазды Жәнел Мақажан.