Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен.

21.06.2023 жылы Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде "Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 9 Нигерия және 2 Камерун елдерінің азаматы анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

  • 23 Маусым 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.