Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланады

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланады

Бүгін мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесін өткізеді. 

  • 25 Маусым 2023
  • 32
Фото - Caravan.kz


Мемлекет басшысы Ресейдегі әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты 24 маусымда күні бойы барлық мүдделі ведомство басшыларымен шұғыл байланыста болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Президент Қауіпсіздік кеңесінің бүгін өтетін  кезектен тыс отырысында өзі берген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде осы ведомстволардың есебін тыңдап, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды.