Елімізде жаңа мереке бекітілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа мереке бекітілуі мүмкін

Елімізде жаңа мереке бекітілуі мүмкін

Қазақстанда жаңа мереке, яғни Азаматтық авиация күні бекітілуі мүмкін. 

  • 25 Маусым 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.

Аталған жобаға сәйкес Ашық НҚАпорталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында «Мерекелік күндердің тізбесіне жаңа атаулы күн – «1 ақпан — Қазақстан Республикасының азаматтық авиация» күні қосылады, — деп жазылған.


Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.