“Құран кітап ұстап, арабша оқығандардың бәрін “имам” деп пір тұтуды доғару керек” - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 502.6
  • 589.95
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Құран кітап ұстап, арабша оқығандардың бәрін “имам” деп пір тұтуды доғару керек” - Айгүл Орынбек

“Құран кітап ұстап, арабша оқығандардың бәрін “имам” деп пір тұтуды доғару керек” - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек имамдар туралы сөз қозғады.

  • 27 Маусым 2023
  • 1673
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"ҚР Парламент мәжіліс депутаттарына ұсыныс!

Мешітке тағайындалатын әрбір имамды жіті тексеретін уақыт келді.
Имам бүкіл елге уағыз айтып, жастардың көз қарасын қалыптастарын көшбасшылардың бірі.
Біздің ұлт отыз жыл ішінде теріс ағымдардың зардабын көрді.
Сирияға кеткендердің санын жазбасамда болады. Елде жүріп ішімізде ылаң салғандар да жетерлік. Біз қанды қаңтар оқиғасынан сабақ алуымыз керек!

Не көп қәзір дүмше молда көп!
Қолына құран кітап ұстап, арабша оқығандардың бәрін “имам” деп пір тұтуды доғарумыз керек!

Мешіттерге имамдарды қатаң бақылау мен конкурс арқылы өтуі міндетті. Тек дін істер комитеті ғана емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен рұқсат қағаз , Психолог пен Теолог мамандарынан құрылған комиссиядан өткізіп барып тағайындайтын заңға өзгеріс енгізулеріңізді сұраймын!

Имамдар қоғамның көзқарастық бағытын өзгертіп, артынан қаншама жамағатты ертіп кететін болған соң, имамның жауапкершілігін заңды түрде қарастыру керек!


Өскелең ұрпақтың білімді көзі ашық, қазақтың салт-дәстүрін құрметтейтін имамдардан ілім алғанын қалаймын.

Әйтпесе Умид Тухтаев сияқты имамдар, қазақтың салт-дәстүрін жоға шығарып, ислам дінін аса қатыгездікпен үйретеді.
Бір ауданның имамы, адамды нәжіске теңегенін бізге еліміздің Бас Муфтиі қалай түсіндіріп берер екен? Түркістан Дін Істері Басқармасы Дін Істері Комитеті

Икрам Айтай, Dalelkhan Ospan ағайларым менің, мына Умид Тухтаев деген имамның ұстанымы дұрыс па?", — деп жазды Айгүл Орынбек.