Шығыс Қазақстанда қатты желден дала өртінің беті қайтпай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда қатты желден дала өртінің беті қайтпай жатыр

Шығыс Қазақстанда қатты желден дала өртінің беті қайтпай жатыр

Шығыс Қазақстан облысында қатты жел салдарынан дала өртінің беті қайтпай жатыр. 

  • 27 Маусым 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде өрт сөндірушілер дала өртімен күресіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Тілсіз жау 27 маусымда қаладағы Станиславский көшесінің бойындағы Скалистое саяжай қауымдастығында шыққан. Жалынның жалпы ауданы — шамамен 2 гектар.

«Ашық алаңда шөп өртенуде. Жағдайды қатты жел мен техниканың жетуіне қиын таулы жер қиындатуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен орман шаруашылығынан 68 адам және 13 техника жұмылдырылды», — делінген ақпаратта.


Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде халыққа қызмет көрсету орталығы отқа оранғаны хабарланған.