Қызықты дәрістер, шеберлік сағаттары, перформанстар, воркшоптар, концерттер, тренингтер мен пікірталастар – фестивальде әркім өзіне ұнайтын іс-шараны таба алды. Жобаға қатысушылар мен қонақтар жаңа эмоциялар, пайдалы таныстық, жаңа идеялар, құнды білім алып, алдағы уақытта да фестивальдің жалғасатынына сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған іс-шараның қалай өткенін біздің фотографтың көзімен көріңіздер. Сіздердің назарларыңызға «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінен фоторепортаж ұсынамыз. Суреттерді сілтеме бойынша көріңіз.