«Масқара»: Тасаттыққа сойылған қойдың басын суға батырмақ болғандар елдің ашуына тиді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Масқара»: Тасаттыққа сойылған қойдың басын суға батырмақ болғандар елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

«Масқара»: Тасаттыққа сойылған қойдың басын суға батырмақ болғандар елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

Тасаттықтан кейін қойдың басын даладағы суға батырмақ болғандар елдің жаппай сынының астында қалды.

  • 30 Маусым 2023
  • 102
Фото - Caravan.kz

Көпшілік оларды жат ағымның өкілдері деп болжаған, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Елдің назарына іліккен видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда екі ер адамның тасаттыққа сойылған қойды өзен суына батырмақ болып, «Бісмиллә» деп айтқаны байқалады.

Көпшілікке ер адамдардың бұл әрекеті жақпаған. Олар: «Басқа діни ағымда адасып жүргендер бұлар, сенбеңіздер», «Неге осындай ырымдар көбейіп кетті қазір? Мұсылмандарда мұндай жоқ», «Бұл дұрыс емес, өзен суып ластап жатыр, оны ішкен мал сосын түрлі ауруларға шалдығады, кім реттейді мұны?» деп сынады олар.