Қорғалжын қорығында қамыс бықсып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғалжын қорығында қамыс бықсып жатыр

Қорғалжын қорығында қамыс бықсып жатыр

Ақмола облысындағы Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жанған қамысты сөндіру жалғасып жатыр.&nb

  • 14 Шiлде 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы   ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашық жану байқалмайды, жеке ошақтар бықсып жатыр.

Орман шаруашылығының ақпараты бойынша, алдын ала жану алаңы – 25 га құрады.


Жануды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды. Сөндіру жұмыстары басталған сәттен бастап өрт ошақтарына көлемі 60 тонна 20 рет су ағызу жүзеге асырылды.