Ақмолада баланы құтқармақ болған мұғалім суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмолада баланы құтқармақ болған мұғалім суға батып кетті

Ақмолада баланы құтқармақ болған мұғалім суға батып кетті

Sinegor.kz Instagram парақшасындағы мәліметке сәйкес, баланы құтқарам деп қаза болған адам алғаш

  • 14 Шiлде 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, Щучье қаласы көлінің қарама-қарсы жағында батып бара жатқан баланы құтқарам деп, 1958 жылы туылған ер адам суға батып кетті.

Ер адам баланы құтқара алды. Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды жағаға апарып, құтқарушылар жедел жәрдем келгенге дейін, жүрекке массаж жасау арқылы алғашқы медициналық көмектерін көрсетті. Өкінішке қарай ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Sinegor.kz Instagram парақшасындағы мәліметке сәйкес, баланы құтқарам деп қаза болған адам алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған екен. Александр Руденко өз еңбек жолы барысында құрметті мұғалім, өз ісінің шебері болған. Ерлікпен қаза тапқан марқұмның отбасына көңіл айтамыз!