Әкім солтүстік өңірдегі ауылдарда қиын жағдай болуы мүмкін екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкім солтүстік өңірдегі ауылдарда қиын жағдай болуы мүмкін екенін айтты

Әкім солтүстік өңірдегі ауылдарда қиын жағдай болуы мүмкін екенін айтты

Павлодар облысындағы төрт ауылға қуаңшылық қаупі төніп тұ

  • 16 Шiлде 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Солтүстік өңірде жаңбырдың кеш жаууы салдарынан ауылдарда егін шықпай, дән толмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.

Қатерлі қуаңшылық жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріпов айтты.

"Бүгінде егін егілді, бірақ биыл қуаңшылыққа байланысты судың жағасында орналасқан ауылдарда егін мәселесіне қатысты жағдай қиын болуы мүмкін. Қызылжар, Қарақұдық, Иса Байзақов, Северный ауылдық округтерінде жауын кеш жауды, сондықтан олар құрғақшылыққа тап болды. Болжам бойынша, егістік көлемінің 10-15 мың гектары жарамсыз болып қалуы мүмкін", — деді Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріпов.


Ертіс ауданы әкімінің сөзінше, Панфилов, Ұзынсу, Қосағаш, Ағашорын, Қоскөл, Амангелді ауылдық округтерінде екі рет өткінші жаңбыр жауып өткендіктен, жағдай бірқалыпты.

"Далалық аумақтағы ауылдарда астық өнімділігі жақсы болады. Себебі бұл елді мекендерде жаңбыр жауып, қуаңшылықтан аман қалды. Агроном ретінде бидай 10-12 центнер деңгейінде тұрғанын көріп тұрмын", — деді Болатбек Шәріпов.

Сондай-ақ Болатбек Шәріпов ауданда қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы мәселе жоқ екенін айтты.

"Қуаңшылық мәселесі бар екенін жасырмаймын, алайда төтенше жағдайды енгізу мәселесі көтерілмеді", — деді аудан әкімі.