"Екі баламен қалған кезде қайыспайтын адам жоқ шығар". Роза Рымбаева күйеуінен айырылған кезін еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екі баламен қалған кезде қайыспайтын адам жоқ шығар". Роза Рымбаева күйеуінен айырылған кезін еске алды

"Екі баламен қалған кезде қайыспайтын адам жоқ шығар". Роза Рымбаева күйеуінен айырылған кезін еске алды

 

 

  • 16 Шiлде 2023
  • 132
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы өнер иесі "Еркін сұхбат" бағдарламасында әңгімеледі, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz — ке сілтеме жасап. 

Әншінің сөзінше, тік жүріп, өмірге қайта араласуына сахна әсер еткен.

"Жарынан айырылғанда, шиттей екі баламен қалған кезде қайыспайтын адам жоқ шығар. Ол өмірдегі, өнердегі қолбасшым ғой. Қолбасшыдан айырылғаннан кейін таңдау бар: балалармен үйде отырып, қарапайым әйелдің өмірін кешу ме әлде барлығын бірге алып жүру ме? Алып жүру болды. Негізгі мамандығым — осы. Екі ұлыма да тірек болғым келді. Екеуі де музыка мектебіне барды. Тағдырымның кейбір күрсінетін кездерін халыққа әнмен жеткіздім. Халық үлкен қолдау көрсетті. Халықтың қолдауымен тезірек сахнаға шығып, гастрольге шығып, солармен сахнада ән арқылы сырласып, бөлістім. Сахна алып қалды деп айтуға болады", — деді әнші.

 

 

Перейти к новостям спорта