"Маматай деп еркелеймін": Ерке Есмахан енесін жер-көкке сыйғызбай мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маматай деп еркелеймін": Ерке Есмахан енесін жер-көкке сыйғызбай мақтады

"Маматай деп еркелеймін": Ерке Есмахан енесін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Көпшілік әнші Ерке Есмахан мен енесінің ара қатынасы жайлы білгісі келеді. Өнер иесі енесі туралы жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  • 17 Шiлде 2023
  • 106
Фото - Caravan.kz

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. Желі қолданушысы: “Енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай?” деп сұрақ қойды.

“Маматай деп еркелеймін, еркелетемін. Мамамнан үйренерім көп. Алтын адам. Барған жерім, Аллаға шүкір, текті”, – деп жазды Ерке Есмахан.

“Тіпті Байзақованың аяғы ауыр. Ал сен әлі жүрсің” деген оқырман сауалы да жауапсыз қалмады.

“Неге сен солай айтасың? Айжанға шын жүрегіммен бақыт тілеймін. Аман-есен босынап алсын. Мен енді Алла бұйырғанын көрермін. Жақсы тілектеріңізге рахмет”, – дейді өнер иесі.