Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстікке қоныс аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстікке қоныс аударды

Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстікке қоныс аударды

Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды.
&nb

  • 17 Шiлде 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) қабылданды. Тұжырымдаманың бір бағыты – бұл қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру үшін қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру», — деді Үкімет басшысы Сенат депутаттарының сауалына жауап бере отырып.


Оның атап өтуінше, қазір ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр.

«Мәселен, 2023 жылы 8 652 адамды көшіру жоспарланып, осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 140 адам немесе жылдық жоспардың 48 пайызы (қандастар 1 032 адам және қоныс аударушылар 3 108 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды», — деді Әлихан Смайылов.