«Халыққа естіртпей, соңын күттік»: Белгілі әншінің ұлы өз тойының алдында жол апатына түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Халыққа естіртпей, соңын күттік»: Белгілі әншінің ұлы өз тойының алдында жол апатына түсіп қалды

«Халыққа естіртпей, соңын күттік»: Белгілі әншінің ұлы өз тойының алдында жол апатына түсіп қалды

Танымал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязовтың жалғыз ұлы жол апатына түсіп, аман қалды.

  • 19 Шiлде 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz


Әншінің өзі бұл жаңалығын желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақ «Бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар» деуші еді. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам! Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда, балам. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, соңын күттік. Шүкір, бәрі жақсы. Ағайын, тойда жолығайық», — деді Өмірқұл Айниязов.

Айта кетейік Өмірқұл Айниязов ұлы Нұртуғаннан кейін арада 21 жыл өткенде қызды болған айтқан еді.