Көлікке арналған ең арзан VIP нөмір 198 мың теңге тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікке арналған ең арзан VIP нөмір 198 мың теңге тұрады

Көлікке арналған ең арзан VIP нөмір 198 мың теңге тұрады

Павлодар облысында VIP нөмірдің құны 1 млн теңгеге дейін барады, ең арзаны - 198 мың теңге.

  • 19 Шiлде 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ең қымбаты – 001 және 777 комбинациясы бар, сондай-ақ үш бірдей әріпті мемлекеттік тіркеу нөмірлері.

«Клиент мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілген нөмірлердің ішінен таңдау жасай алады. Немесе «сұраныстағы» нөмірлер мен әріптердің көмегімен өз қалауынша тапсырыс бере алады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары Рахат Қошанов.

Автокөлік сатылған жағдайда клиент өз атындағы VIP нөмірін арнайы ХҚО-да сақтауға құқылы.


Бірақ көлік иесі 30 күн ішінде дәл осындай нөмірмен жаңа көлікті тіркемесе, қымбат нөмірді сақтап қалу үшін әдетте үстіне 10 мың теңге төлеуге мәжбүр болады.

«Әдемі» нөмірді шексіз сақтауға болады.