Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

Синоптиктер 20-22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

  • 19 Шiлде 2023
  • 41
Фото - Caravan.kz

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді. Соның нәтижесінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және таулы аймақтарда жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында солтүстік-батыс антициклон әсерімен 21 шілдеден бастап жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді.