Алматы облысында сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды

Алматы облысында сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды

 

  • 23 Шiлде 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазселденқорғау» мекемесіне сілтеме жасап.

Су тасқынының әсерінен 22 шілде күні түнгі 00:30 шамасында Талғар бөгетінің бөрене ұстағышында жер дамбасының оң жағын су шайып кеткен.

Салдарынан ұзындығы — 5,5 м, ені — 3 м, тереңдігі — 1,2 метрлік, көлемі шамамен 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды. Оны қалпына келтірумен «Қазселденқорғау» филиалы айналысады.

Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде, — делінген хабарламада.


«Қазселденқорғау» Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне (көпір өткелдеріне) мамандардан құралған мобильді бақылау бекеттерін қойды.

«Сел» дабылын алғаннан кейін шұғыл түрде селдің қауіпті аймағынан демалушылар эвакуацияланды.

Бас-аяғы — шамамен 150 адам.