Жамбылдық полицейлер есірткінің зияны туралы ойын түрінде айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдық полицейлер есірткінің зияны туралы ойын түрінде айтып берді

Жамбылдық полицейлер есірткінің зияны туралы ойын түрінде айтып берді

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде “Қарасора – 2023”, “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде “Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл” тақырыбында зияткерлік ойын түрінде тренинг өткізілді.

  • 24 Шiлде 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, “Нығмет нұры” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Екі топқа бөлінген студенттер нашақорлық мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, бір-біріне шифрланған жасырын сөздерді табуға көмектесті, мәселен, ұрпақ, бақыт, аурухана, ішімдік, отбасы, денсаулық, өмір, болашақ, спорт, желім, білім.