"Қыздар өздерін тоқалдыққа ұсынды": Жәнел Мақажан өзінен сегіз жас кіші күйеуіне түрлі ұсыныс түскенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыздар өздерін тоқалдыққа ұсынды": Жәнел Мақажан өзінен сегіз жас кіші күйеуіне түрлі ұсыныс түскенін айтты

"Қыздар өздерін тоқалдыққа ұсынды": Жәнел Мақажан өзінен сегіз жас кіші күйеуіне түрлі ұсыныс түскенін айтты

Белгілі актриса Жәнел Мақажан күйеуіне жазып, өздерін тоқалдыққа ұсынып жатқан қыз-келіншектердің барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  • 25 Шiлде 2023
  • 35
Фото - Caravan.kz

“Менің күйеуіме қыздар жазып, өздерін тоқалдыққа ұсынып жатыр. Бірақ оның бәйбішесі де, тоқалы да менмін. Өмірінің соңына дейін маза бермесем де, тіпті толықсып кетсем де, ол мені жақсы көреді”, – деп жазды актриса.

Отбасылы еркектерге жазатын қыз-келіншектердің барын білген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады.

“Қазіргі қыздарда ұят жоқ. Үйленген еркектерде несі бар?”, “Басқа еркектер құрып қалды ма?”, “Құдай сақтасын. Қыздарда ұят та, намыс та жоқ. Сұмдық, өздерін қалай тоқалдыққа ұсынады? Айтарға сөз жоқ”, – деп таңғалысты желідегілер.