Есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды

Есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері «Қайрақ» шекара бекетінде ресейліктен Kinder ойыншығына тығып қойған есірткіні тәркіледі.

  • 26 Шiлде 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Облыстық ПД хабарлауынша, «Қарасора 2023» жедел алдын-алу шарасы аясында «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Ол марихуананы шекарадан Kinder ойыншығына салып өткізбек болған.


Қазір сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінен «Қарасора» жедел алдын-алу шарасы басталғалы бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі затын тәркілегенін хабарлады.