73 жастағы Сәрсенбай Қотырашов жер шарын айналып келуге бел буды – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
73 жастағы Сәрсенбай Қотырашов жер шарын айналып келуге бел буды – видео

73 жастағы Сәрсенбай Қотырашов жер шарын айналып келуге бел буды – видео

Қазақстанды жаяу аралап шыққан Сәрсенбай Қотырашев жер-жаһанды айналып келуге шешім қабылдады.

  • 28 Шiлде 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Хабар арнасының мәліметінше, 17 000 шақырымды құрайтын сапар екі жылға жоспарланып отыр. Сәрсенбай Қотырашевтің айтуынаш, дүниежүзін жаяу аралаудың ең басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және әлем жұртын бейбітшілікке шақыру.

"2 тамыз Атыраудан жаяу шығамын. Атырау-Астрахань-Дагестан-Чечня-Грузия-Турция. Турцияның Анкара қаласында және Ыстамбул қаласында боламын. Бұл — жер шарын аралаудың бірінші бөлімі. Екінші бөлімін Алла қуат берсе келесі жылы бастаймын", — дейді 73 жастағы қария.

Айта кетері, былтыр ұлытаулық марафоншы Қазақстанды жаяу аралап шыққан. Ол 8 шақырым жүріп өтті.