"26.07.2023 жылы сағат 11:00-де "Тойота-Каролла" маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі "Алматы-Астана" автожолының 225-шақырымында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, "Тойота-Камри" маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты", — делінген хабарламада.
Дерек ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.