Оралдық тұрғын соңғы тоғыз жылдан бері шынайы артефактілерге иелік ететіндігін дәлелдеуге тырысып жүр. Айтуынша, 11-12 ғасырлардағы Алтын Орда туы Жошы ханның тарихымен тікелей байланысты. Туды мемлекет қорғауына алсын деп бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған.
Ол Арыстанбек Мұхамедиұлы, Дәурен Абаев министр кезінде қабылдауларында болғанын айтып, олардан түркітанушылардың ғылыми кеңесін шақыруды өтінген. Алайда оның қолындағы заттарға қатысты дәлелдерін ешкім елемеген. Енді ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің қазіргі басшысы Асхат Ораловқа бұл мәселені шешуді тапсырғанын қалайды.
“Бұл жәдігер Шыңғыс хан дәуірінің, Алтын Орданың туы немесе мүлде жәдігер емес деген түркі ғалымдары сараптама жүргізіп, бірауыздан қорытынды тұжырым жасауы қажет. Егер расталған болса, жәдігерлерді Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасының мемлекеттік тізіліміне енгізуіңізді сұраймын", – деді ол.