Қаралы хабарды журналист Бану Дәулетбаева жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы bugin.kz-ке сілтеме жасап.
«Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы…», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.
«Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады», — деп хабарлады олар.
Жерлеу рәсімі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында өтеді.
Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы — Батылжан Шерханұлы, қызы — Алма Шерханқызы.