Маңғыстауда үш баланы өлтірген ер адамның үкімі өзгеріссіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда үш баланы өлтірген ер адамның үкімі өзгеріссіз қалды

Маңғыстауда үш баланы өлтірген ер адамның үкімі өзгеріссіз қалды

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген жергілікті тұрғынға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

  • 30 Шiлде 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бірінші сатыдағы сот үкімімен ер адам өзінің 3 кішкентай баласын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы мен оның қорғаушысының өтініштері негізінде іс апелляциялық тәртіпте қаралып, олар айыптау үкімін алып тастап, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Алайда, судьялар алқасы үкімді өзгерту немесе жою үшін негіздерді анықтаған жоқ.