Дауылдың салдарынан бір көлікті ағаш басып, бір үйдің шатырын жұлып кетті.
"29 шілдеде сағат 15:54-те Орал қаласы Гагарин көшесінде ағаш құлап, көлікті басып қалды. Жүргізуші көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ Теректі ауданы Подстепный ауылында қатты дауыл бір қабатты төрт пәтерлік үйдің шатырын жұлып кетті", — дейді ведомство.
Абырой болғанда адам шығыны жоқ.