Алакөлде демалған ер адам аяғынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алакөлде демалған ер адам аяғынан айырылды

Алакөлде демалған ер адам аяғынан айырылды

Алакөлде су мотоциклінің астына түсіп қалған ер адам аяғынан айырылды.
Оқиға 30 шілде күні Жетісу облысы Алакөл ауданының Ақши ауылындағы көл жағалауында болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

  • 31 Шiлде 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Ол суға бара жатқанда құтқармақ болған өзге турист су көлігімен қағып кеткен. Сол аяғы тізеден жоғары жұлынып кеткен.

1984 жылғы зардап шегуші Алакөл ауданының ауруханасына жеткізілді.

«Қазір науқастың жағдайы ауыр. Ол арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда. 1984 жылы туған пациент Алакөл аудандық ауруханасына 30 шілде күні сағат 16:10 келіп түсті. Алған жарақаты салдарынан пациенттің сол аяғы жұлынып кеткен. 3-4 сатыдағы травматикалық шок алған. Жедел түрде сол аяғына операция жасалды. 31 шілде күнгі мәлімет бойынша пациенттің жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.», – делінген Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция ҚР ҚК 344-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.