Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Сол жағалауда заманауи талаптарға сай жеті мың орындық стадион салынады. Үкімет басшысының қолдауымен құны жеті миллиард теңге болатын әмбебап спорт сарайын салу мәселесі шешілді. Сонымен қатар, 13 жыл ішінде елді мекендерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі.
Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру үшін облыстық мәдениет және спорт басқармасына Қызылорда қаласының әкімімен бірлесіп, жыл бойына елді мекендерде салынып жатқан спорт алаңдарында кешенді спорттық шараларды ұйымдастыру тапсырылды», — деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.