Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері 190 млн долларға келісімшарт жасасты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері 190 млн долларға келісімшарт жасасты

Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері 190 млн долларға келісімшарт жасасты

Астанадағы Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы аясында жалпы сомасы 190,8 млн долларды құрайтын экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

  • 3 Тамыз 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ұн мен өсімдік майын жеткізуге барлығы 15 шарт, сондай-ақ Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (Қазақстан) мен Май дилерлерінің Балх одағы (Ауғанстан) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды», — делінген аталған форумнан кейін таратылған мәліметте.

Атап айтқанда, Ауғанстан — Қазақстанның өсімдік майын алып жүрген ең ірі импорттаушылардың бестігіне кіреді.

Бұл тұрғыда бүгінгі форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтар осы бағыттағы сауда көлемін арттыруға ықпал етеді.

Қол қойылған құжаттардың жалпы санының 9-ы май тасымалдау бойынша шарттарды қамтып тұр.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 3 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы іс жүзінде 1 млрд АҚШ доллары (987,9 млн. АҚШ долл.) белгісіне жетіп, 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе өсті.

Тауар айналымының 90% қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі.

Елдер арасындағы сауда биылғы 6 айда 343,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан экспорты 334,5 млн долларға жетті.