Қарағандылық полицейлер орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық полицейлер орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

Қарағандылық полицейлер орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

Қарағанды облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты.

  • 4 Тамыз 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері “Байкал” маркалы тегіс ұңғылы мылтық, “Соваж” маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі, — делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалған.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — делінген хабарламада.