Прокурор Мәсімовтің інісін 13 жылға соттауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурор Мәсімовтің інісін 13 жылға соттауды сұрады

Прокурор Мәсімовтің інісін 13 жылға соттауды сұрады

Прокурор Павлодар облысы полициясының экс-басшысы Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

  • 4 Тамыз 2023
  • 61
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  «Адырна» — ға сілтеме жасап хабарлайды.

3 тамыз күні өткен сот отырысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры Азамат Ғарифолла Мәсімовтің Алакөлдің жағалауындағы үйін тәркілеп, 16 млн теңгені қайтаруды талап етті. Бұған қоса, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіп, «Айбын» орденінен айыруды ұсынды. Сотталушы өзі кінәсін мойындамады.


Айта кетейік, өткен жылғы 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді. Сол жылы маусым айында Мәсімовке іздеу жарияланды. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. 2022 жылғы 13 шілдеде Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.