"Әнші емеспін". Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әнші емеспін". Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады

"Әнші емеспін". Сақал қойған Рүстем Жүгінісов басқа жолды таңдады

Әнші Рүстем Жүгінісов оқырмандарын қызықтырған сұраққа жауап берді.
 

  • 4 Тамыз 2023
  • 175
Фото - Caravan.kz

Ол қазір әнші емес екенін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Рүстем Жүгінісов Instagram-да інісі "Мирас Жүгінісовпен фит жазу ойыңызда бар ма" деген сұраққа жауап берген. Жүгінісовтің айтуынша, оған мұндай сұрақ қойылмағалы біраз болған.

"Күлейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болған еді, негізі. Сіздер білесіздер ме, мен ән айтпай, әнді тастағаныма екі жыл болғанын. Мына түріммен қалай мен Мираспен фит жазамын", — дейді Жүгінісов сақалын ұстап.
Ол басқа жолды таңдағанын айтады.


"Болды мен басқа жолды таңдадым. Мен әнші емеспін қазір, сондықтан да біліп жүріңіздер Мираспен фит жазбайтынымды", — дейді Жүгінісов.

Видеоға пікір қалдырған Желі қолданушылары оны танымай қалғанын айтқан.

"Танымай қалдым", "Әнге қарсысыз ба қазір?", "Бұл кім? Қандай ән айтады?", "Рүстем сіз керемет әншісіз", — дейді қолданушылар.