«Әкімдер төбе де көрсетпепті»: Журналист өртте қаза болған орманшыларға шенділер лайықты құрмет көрсетпегенін жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әкімдер төбе де көрсетпепті»: Журналист өртте қаза болған орманшыларға шенділер лайықты құрмет көрсетпегенін жайып салды

«Әкімдер төбе де көрсетпепті»: Журналист өртте қаза болған орманшыларға шенділер лайықты құрмет көрсетпегенін жайып салды

Белгілі журналист Гүлбану Әният өртте қаза болған «Семей орманы» резерваты қызметкерлеріне арналған тақтаның ашылғанын мәлімдеді. Алайда оның сөзінше, маңызды жиынға шенділердің ешбірі бой көрсетпеген, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

  • 8 Тамыз 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Журналист аталған ойын желідегі парақшасында жазды.

«Семейдегі өртте қаза болған 15 орманшыға мемориалды тақта қойылыпты.

Тып-тыныш, елеусіз ғана “Семей орманы” резерваты қызметкерлерінің қатысуымен өткен. Ресторан ашылса да шапқылайтын, лента кескіш әкімдер төбе де көрсетпепті. Осындаймыз», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары да әкімдік өкілдерінің айтулы шараға қатыспауына шүйліккен. Олар:


«Семейде қасқайтып тұрып құтқарушылар аллеясын ашуға болар еді ғой», «Әкім қайда жүр екен сонда?!», «Біз қазақ осындаймыз» деп жазды олар.