«Отбасын сақтап қалса болады ғой?»: Белгілі психолог қазақ қоғамында ұлдарға қарағанда қыздардан «спрос» көп екенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Отбасын сақтап қалса болады ғой?»: Белгілі психолог қазақ қоғамында ұлдарға қарағанда қыздардан «спрос» көп екенін мәлімдеді

«Отбасын сақтап қалса болады ғой?»: Белгілі психолог қазақ қоғамында ұлдарға қарағанда қыздардан «спрос» көп екенін мәлімдеді

Танымал психолог, коуч Роза Әшірбаева қазақ қоғамындағы әйел адамдарға қатысты тағы бір ащы шындықтың бетін ашты.

  • 8 Тамыз 2023
  • 131
Фото - Caravan.kz


Ол елімізде ер адамдарға қарағанда әйелдерден сұраныс көп екенін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл туралы ойын психолог өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.

«Отбасын сақтап қалса болады ғой дейді біреулер… Бірақ еркектердің отбасын сақтауға саусағының ұшын да қимылдатпайтындарында шаруалары жоқ. Кеше бір фильмге талдау жасадым. Сол кезде қиындыққа шыдамаған әйел баласын күйеуіне тастап кетеді, бәрі оңбаған әйел деп соны кінәлайды. Сонда неге әйел күйеуіне өз баласын өзі тастап кете алмайды? Бәрібір бізде қоғамда қыз баласынан «спрос» көп. Ер балада ондай емес, сен ұл болып тудың ба, болды, сенен сұраныс та болмайды. Барлық жерде есік ашық саған. Не істеймін десең де, саған иә дейді, қыз баласында ондай жоқ. Тыйым көп бізде қыздарда, гендерлік қысым өте көп жасалынады. Сондықтан күйеуіміз екеуміз қыздар емес, өзімізде ұлдар болғанына қатты қуанамыз», — дейді Роза Әшірбаева.