Түркияда жарылыс болып бірнеше адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда жарылыс болып бірнеше адам зардап шекті

Түркияда жарылыс болып бірнеше адам зардап шекті

Түркияның Дериндже портындағы жарылыс болып, 12 адам зардап шекті. 

  • 8 Тамыз 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Жарылыс кемелерге астық тиейтін аймақта болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Күшті жарылыс кеше Ыстанбұлдан 100 шақырым жерде, Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Коджаели провинциясындағы ірі коммерциялық порт – Деринджеде болған. 

Жарылыс элеваторлардан кемелерге астық тиейтін аймақта болған. Элеваторлар Түркия астық кеңесіне тиесілі.

«Нақты деректер бойынша, жарылыс салдарынан 12 адам жараланды, екеуінің жағдайы ауыр. Жарылыс 16 элеватордың 13-ін бүлдірген», — деп хабарлады Коджаели қаласының мэрі Тахир Бююкакын.


Жарылыс себептері тексеріліп жатыр. Порттың контейнерлік инфрақұрылымы зақымдалған жоқ.