Шымкентте жоғалған қыз жертөледен өлі табылды: жездесі күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жоғалған қыз жертөледен өлі табылды: жездесі күдікке ілінді

Шымкентте жоғалған қыз жертөледен өлі табылды: жездесі күдікке ілінді

Шымкентте із-түзсіз жоғалған қыз кісі өлтіру оқиғасының құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Тамыз 2023
  • 144
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, 5 тамызда Әл-Фараби АПБ-ға қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамызда үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған. Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылғаны хабарланған болатын.

БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді.

"8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады", — делінген хабарламада.

Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінген.


ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.